БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан облысы, Сарыағаш ауданы «Дінислам нұры» бөбекжай  балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Қ. Р., 160916, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ынтымақ а.о., Әдената а., Достық көшесі, № 30 үй
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, вебсайт)Ұялы телефоны: 87753131571
Электрондық поштасы: dinislam-nury@mail.ru
Веб сайты: https://dinislamnury.bb-edu.kz
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т. А. Ә, лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Еримбетова Алмагуль Еркинбековна «Дінислам нұры» бөбекжай – балабақшасы ЖШС құрылтайшысының шешімі бойынша  2014жылдың 06 қаңтар күні №1 бұйрықпен тағайындалсын.
ЕҚұқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анаықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 08 қыркүйек 2015 жылы берілген. БИН: 120640020515
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы талон 2025 жылғы 10 сәуірінде № KZ25RVK00063766 хабарлама берілген
7Құрылған жылы2014 жыл
8Типтік ғимаратБір қабатты І ғимарат
9Топтар саны2
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешіліер: І ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенОрта топ – күні бойы Ересек топ – күні бойы  
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 45 балаға арналған. Құжат НИКАД-ы: KZ67VWF00352905 Құжаттың бірегей нөмірі: KZ36RYS01158776 Нөмірі: Х.17.Х Берілген күні: 22-Сәу-25 Балабақша орны 70 балаға арналған. Құжат НИКАД-ы: KZ67VWF00352905 Құжаттың бірегей нөмірі: KZ36RYS01158776 Нөмірі: Х.17.Х Берілген күні: 22-Сәу-25 Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша ғимараты бір қабатты І ғимаратты және типтік жобада заман талабына сай салынған. Балабақша 45 орындық, 2 топ жұмыс жасайды. Әр топ 20 – 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді, таңғы 8.00 – бастап, кешкі сағат 18.00 – ге дейінгі уақыт аралығында.

Ортаңғы топ: «Гүлдер»

Ересек топ: «Жұлдыз»

Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде тәрбиеленеді.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші ,әдіскер кабинеті,  мед кабинет, асхана, қойма, кір жуу бөлмесі  бар. Материалдық техникалық базасы стандартқа сай жасалған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт – оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Балабақша ауласы көгалдандырылған, ағаштар мен гүлдер отырғызылған. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен қатар, әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары мен күркелері қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

  • Меңгеруші кабинеті
  • Медбике кабинеті;

Қолданыстағы құрал – жабдықтар:

  • Теледидар – 3 дана;
  • Компьютер – 2 дана;
  • Ноутбук – 3 дана;
  • Түсті принтер – 1 дана;
  • Принтер – 1 дана.

Ата – аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.